Фото: Әлеуметтік желі
Бағдагүл сынықшы мен блогердің арасындағы дау тоқтар емес. Сынықшы өзіне жауап қайтарған блогер Ырысбала Икрамбаймен тағы да сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Сынықшы желідегі парақшасында блогердің жүздеген миллион теңге тұратын зуәлім сарайдың қалай алынғаны жайлы есеп беруді талап етті. Бұған дейін блогер сынықшыға анасымен жасты әйел болғандықтан жауап қатпай жүргенін жазған еді.
«Сезікті секіреді деп Ырысбаладан есеп сұрап едік, жағамыздан алды ғой. Мен айтсам ашық айтамын, халық біледі. Сен бірінші үлгі ал. Мен сенің шешеңдей емеспін, қатармын. Сенің тілің жасап тастаған әйелдің тілі сияқты. Мен сені менімен жасты әйел деп ойлайтынмын. Енекем шығар деп едім. Жап-жас келіншексің. Көрінгеннің бетін алып, жағасын жыртқанша есеп бер. Перизат Қайратты қалай тексерді сені де тексеру керек солай. Зәулім сарайды қалай, қай ақшаға салдың барлығын айт. Мен де есеп беремін, кез келгенін келіп сұра, ешкімнен артық ақша алған емеспін», — деді ол.
Сонымен қатар, ақтөбелік емші қайырымдылық қорларының барлығын тексеру керек екенін алға тартты.
