Фото: volontery_almaty_lider.kz
Алматы облысы Іле ауданында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды.
1982 жылы туған Әбдірасұлова Мунирам Тоқтамышқызы 25 тамыз күні Құйған ауылындағы үйінен шығып кеткен соң, із-түзсіз жоғалған. Оны туыстары мен еріктілер іздестіру шарасына қосылып, бірнеше күн бойы таппай жүрген еді.
Еріктілердің айтуынша, әйелдің денесі 29 тамыз күні табылған. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Қазіргі таңда нақты себептер анықталуда.
Оқиғаның басқа деректері әзірге жария етілген жоқ.
