Алматыда тағы да жол апаты: көлік төңкеріліп қалды

Фото: cmn.kz

Алматының Бостандық ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға Розыбакиев көшесінде болған. Haval маркалы көлік ауладан басты жолға шыққан сәтте, сол бағытта оңтүстікке қарай келе жатқан Nissan автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кейін көліктердің бірі жол ортасында аударылып түсті.

Полицияның мәліметінше, Haval жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.