Фото: Шымкент әкімдігі
Respublica партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Берденовтың отставкаға кету себебін түсіндірді:
«Бұл – мемлекеттік лауазым, жергілікті атқарушы биліктегі жауапты қызмет. Онда күн сайын шешімін күтетін сансыз мәселе туындайды. Ал Руслан 3-4 ай бойы ем алып жүрді. Әрине, проблемалар оның жазылуын күтіп тұрмайды. Сондықтан ол – елін сүйген, адал азамат ретінде орнын босатып, мәселелердің шешілуіне жол ашуды өзі дұрыс деп шешті», – деді Ходжаназаров.
Берденовтың Respublica партиясының теңтөрағасы қызметіне оралуы туралы нақты жауап бермегенімен, Ходжаназаров: «Бұл мәселе оның емін толық аяқтаған соң талқыланады. Дегенмен, болашақта Руслан Берденовты жауапты қызметтерден әлі де көреміз деп ойлаймын», – деп қосты.
