«Өмірден көп қиыншылық көрді»: Мереке Қалбаева қаралы хабар жеткізді (ВИДЕО)

Коллаж: Qazaq.today

Блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желіде группаласынан айырылғанын айтып, оқырмандарына қаралы хабар жеткізді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

«Дұғаларыңызға қосыңыздаршы. Группаласым Мөлдір өмірде өте көп қиыншылық көрді. Сынақтан сынаққа кезікті. Аллам панасына алғай! Осы инстаграмға салғанда өте көп жандар көріп, тілеуін тілеп отыратын еді. Алла разы болсын сіздерге! Қаралып, тексеріліп жүрейікші, қыз-келіншектер», — деп жазды блогер.