Танымал журналист педофилия айыбымен қамауға алынды

Фото: politico.kz

«Тюменская губерния» газетінің бас редакторы Сергей Суразаков педофилия ісі бойынша қамауға алынды. Бұл туралы РИА Новости Түмен облысының сот жүйесі баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

Ресми мәліметке сәйкес, 1973 жылы туған Сергей Суразаковқа қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол кәмелет жасына толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деп айыпталуда.

Журналист 30 қыркүйекке дейін тергеу изоляторына қамалды. Тергеу дерегінше, оған 14 жасқа толмаған адамға қатысты зорлықпен жасалған сексуалдық сипаттағы әрекеттер бойынша айып тағылған.

Бұған дейін Baza Telegram-арнасынығ журналистерінен пара алғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін екі құқық қорғау органы қызметкерінің ұсталғаны хабарланған болатын.