«Түгел құжаттарымның есебін көрсеттім»: Ырысбала Икрамбай өзіне тексеріс жүргізілетінін айтты

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Блогер Ырысбала Икрамбай өзіне тексеріс жүргізілетінін айтты, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ол Туризм және спорт министрлігінен хат келгенін жеткізді.

“Таңертең ұйқыдан тұрсам, министрліктен хат келді. Күйеуімнің туған күнінде тосынсый болды. “Істеп жүрген іс-әрекетіне түсініктеме берсін” депті. Өздері бола алмайды, болғанды көре алмайтындардың тірлігі. Өздерін тексерсең, қалталарынан көк тиын шықпайды. Өткен жылы да тексеру келген. Сол кезде Астанаға арнайы барып, түгел құжаттарымның есебін көрсеттім. Жұмыстарымның шынайы екенін дәлелдеп шықтым. Қорғаушысыз, адвокатсыз сотқа қатысып келдім. Не істеп жүргеніме жауап бере аламын. Сендер секілді арамзалардың сөзі маған өтпейді. Жазатын жердің бәріне жазыңдар. Халықтың арқасында байып кетемін. Әлі мен самолет аламын”, – деп жазды Ырысбала.