Украина дрондары Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарын атқылады

Фото: fed.az

28 тамызға қараған түні Украина қарулы күштерінің дрондары Ресейдің екі ірі мұнай өңдеу зауытына соққы жасады, деп хабарлайды Qazaq Today сайты DW-сілтеме жасап.

Нысаналар қатарында Краснодар өлкесіндегі Афипск МӨЗ-і және Самара маңындағы Куйбышев МӨЗ-і болды. Бұл туралы Украинаның Ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт Бровди хабарлады.

Украина Қарулы күштері Бас штабының дерегінше, Афипск МӨЗ-іне Қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасының бөлімшелері қатысқан. Ал Куйбышев МӨЗ-іне дрондар шабуылына қосымша Украина арнайы операциялар күштері тартылған.

Краснодар өлкесінің жедел штабының ақпаратына сәйкес, дрон қалдықтарының құлауынан зауыттағы бір қондырғы өртенген. Өрт аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады.