Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы құрдасынан жүкті болып қалған, деп хабарлайды Qazaq.today.
Байзақ ауданының Бурыл ауылында 14 жастағы оқушы қыздың жүктілігін алғаш анасы байқайды. Ол дереу қызын УДЗ-ге апарады. Сол жерде жүктілік расталған. Ал құрсақтағы сәбидің әкесі 14 жастағы жасөспірім болып шықты.
Мектепте жасөспірімдердің ата-аналары шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір қызбен және оның сүйіктісімен мектеп психологтары жұмыс жасауда.
Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша ҚР ҚК 122 — бабының 1-бөлігі («он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Фото: klinika1.kz/index.php