Электрлі арба алу үшін Атырауда қол-аяғы жоқ қарияны жыл сайын комиссияға сүйретіп әкелген

Фото: видеодан скрин

Атырауда адам сенгісіз жағдай қайталанып келеді. Қарт мүгедек кісінің аяғы мен қолы жоқ. Бұл – өмір бойына өзгермейтін жағдай. Соған қарамастан, Медико-әлеуметтік сараптама комиссиясы (МӘСК) жыл сайын оны шақырып алып, «мүгедектігіңді дәлелде» деп талап етеді.

Жасы келген, жүріп-тұруға қауқары жоқ қарияны қайта-қайта комиссияға сүйретіп әкелу – заңсыздық қана емес, адамға жасалған қиянат. Ең сорақысы, электрлі арба алу үшін осы азапты жолдан өтуге мәжбүр.

Халық арасында әділетсіздікке наразылық күшейіп отыр. «Қол-аяғы жоқ кісіден тағы қандай дәлел сұрайды? Бұдан артық не қажет?» деген ашулы пікірлер көбейіп барады.

Бұл мәселе тек бір адамға ғана қатысты емес. Осындай жүйенің кесірінен мыңдаған мүгедек азаматтар жыл сайын қорланып жүр.

Атыраудағы мемлекеттік мекеме басшысы қанша жыл бойы халыққа қиындық туғызып келе жатыр. Енді оны ауыстыратын уақыт жетті.