Ұзату тойын «Барби» стилінде өткізген қалыңдық желі жұлдызына айналды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде қыз ұзату тойын әлемге әйгілі қуыршақ стилінде өткізген қалыңдық қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Адина есімді желі қолданушысы мұны жеке парақшасында бөлісті.

Қалыңдықтың шығуы ерекше форматта өтті. Мейрамхана ортасына үлкен қорап әкелген. Ішінде қалыңдық Барби қуыршаққа ұқсап тұр. Жан-жағынан қалыңдықты төрт жігіт итеріп келе жатыр. Тойға келген қонақтар бұл көрініске таңғалып, видеоға түсірген.

Көпшілік қалыңдықтың ерекше образына жақсы баға берсе, кейбірі тың көріністі түсінбей, негатив пікір жазған.

“Біздің туысқандар қораптың ішіне кіріп кететін еді”, “Ешкім бала әкелмеген-ау деймін”, “Той асабасы қонақтарды тәртіпке шақырып тұр”, “Өте керемет ұйымдастырылған, нағыз креатив той”, “Ұзатылуымда осылай шығамын”, – деп жазды көпшілік.