Астанада көпқабатты үйден өрт шықты

Фото: видеодан скрин

Сарыарқа ауданындағы Ш.Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтер балконы өртенді, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары оқиға орнына келіп, автосаты арқылы өртті дереу ауыздықтады.

Министрлік тұрғындарға балкондарды киім-кешек, ескі жиһаз, қағаз және басқа да заттармен толтырмауды ескертті.