Фото: @aikyn
Әнші Айқын Төлепберген сахнада ән айтып жатқанда күтпеген жайт болды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Әнші сахнада өнер көрсетіп жатқанда микрофон жұмыс істемей қалған. Ол бұл сәттің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Сонымен қатар қолдау білдірген көрерменге алғыс айтты.
«Бұл 17-18 жасқа толған түлектер. Бұл ән шыққанда олар 4-5 жаста болатын. Бұл әнді тыңдамаған. Ондай жаста басқа да шаруалар бар. Бірақ 15-17 жас аралығында бір жерден естіп, ұнатқан деп ойлаймын. Себебі алғашқы махаббат, алғашқы кездесу болады. Ең бастысы, қазіргі жас буын қазақ әнін «модный» дәрежесіне көтерді. Осы жастар буынының үлкен үлесі бар бұл жайтта. Ендігі мақсат – қазақ тілін «модаға» енгізу. Көрерменім алтын ғой, микрофон өшіп қалса да, жалғастырып кетті», – деп жазды Айқын Төлепберген.