Фото: Pixabay
Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен әйел ауруханадан шықты. Дәрігерлердің айтуынша, оған остеосинтез жасалған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Әйел Павлодардағы №1 қалалық ауруханада ем қабылдаған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық.
«Оған екі жағының да өкше сүйектерінің остеосинтезі, сол және оң жақ иық сүйегінің остеосинтезі операциялары жасалды. Ол ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда шығарылды», – деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 30 шілдеде Павлодарда жантүршігерлік жағдай болды – 34 жастар шамасындағы әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен.