Олигархқа тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан зәулім үй салдырып жатыр (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Белгілі тележүргізуші әрі блогер, кәсіпкер Динара Сәтжан (Жанықұлова) Астанадағы жаңа зәулім үйінің құрылысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде үйді жөндеп жатқан дизайнер нысанның ішкі бөлмелерін, кіреберісін көрсеткен видеолар жарияланды.

Кейбір кадрларда Динара Сәтжанның өзі құрылыс барысын тексеріп жүргені байқалады.

«Үй – адамның айнасы. @dinarasatzhan-ның үйі – нағыз өнер туындысы! Біз мәреге жақындап қалдық», — деп жазды дизайнер Наташа Фарносова.

Айта кетейік, тележүргізуші биыл көктемде кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шығып, жұбайының тегін алған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Архитектор / Дизайнер-интерьера (@natasha_farnosova)