«Ұялмайтындай ойын күтеміз»: Қуат Хамитов «Қайраттың» жеңісі туралы ойын айтты

Фото: vesti.kz

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов «Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасы топтық кезеңіне шығуын құттықтап, өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Әрқашан өзгенің еңбегін құрметтеймін, сондықтан қуанышыңызды бөлісемін! Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан құтты болсын, @f.c.kairat », – деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.

Сонымен бірге ол клубтың ойын сапасына қатысты пікірін білдіріп, жанкүйерлер лайықты ойын күтетініне назар аударды.

«Футболға мұншама қаржы құйылған соң, тек топқа өтумен шектелмей, нағыз шайқастар мен намысты ойын көрсеткен дұрыс. Сол үшін ұялмайтындай ойын күтеміз. Үлкен алаңда сәттілік тілеймін!», – деді Хамитов.