Фото: Getty Images
Орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері, Доминикан Республикасы боксшысы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлымен кездесу өткізуден бас тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Бұған дейін Сауд Арабиясының беделді кәсіпкері Турки әл-Әш-Шейх қараша айында қазақстандық WBO және IBF чемпиондарымен жекпе-жек ұйымдастыруға бастама көтерген еді.
Әлеуметтік желідегі сұраққа жауап берген Адамес ұсыныстың өзіне ұнамағанын айтты:
«Бұл “миллионер” лайықты ұсыныс жасаған жоқ, сондықтан келіспедім», – деді ол.
Қазіргі таңда Адамес 23 қарашада рингке оралатынын мәлімдеді, бірақ қарсыласының кім болатыны әзірге белгісіз.
Ал Жәнібек Әлімханұлы осы аптада АҚШ-қа келіп, қарашаның басында кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр.