Алматыда жоғалған жасөспірім төрт аптадан кейін табылды

Фото: facebook.com/baan.akimbaeva

Алматыда 16 жастағы Айдос Әкімбаев төрт аптадан кейін аман-есен табылды. Ол 28 шілдеде Мамыр-3 шағынауданындағы үйінен қоқыс тастауға шығып, із-түссіз жоғалып кеткен еді.

Жасөспірімнің анасы Баян Әкімбаева әлеуметтік желіде елден көмек сұраған болатын.

22 тамыз күні ол желідегі парақшасында қуанышты жаңалығымен бөлісті:

«Баламды таптым. Айдосым қазір жанымда. Барлықтарыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Құдайға шүкір», – деп жазды анасы.