Фото: Pixabay
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,39 теңгеге арзандап, 537,34 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 537,75 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 537,78 теңгеден сатып алынады, 539,68 теңгеден сатылады. Еуро 622,92 — 627,19 теңге, ал рубль 6,63 — 6,74 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 534,54 теңгеден сатып алынады, 541,52 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 619,55 теңге, сату — 629,54 теңге;
— рубль: сатып алу 6,64 теңге, сату — 6,75 теңге.