Сотта Хасан Қасымбаев тағылған айыптарды мойындамады

Фото: Kazinform

Бүгін, 22 тамыз күні Талғар аудандық сотында өтіп жатқан сот процесі барысында Хасан Қасымбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сот отырысында айыптау актісін мемлекеттік айыптаушы оқып шыққаннан кейін, судья Айнагүл Тұқыбаева Қасымбаевтан кінәсін мойындайтынын не мойындамайтынын сұрады.

— Кінәмді толығымен мойындамаймын, — деп жауап берді Қасымбаев.