Ислам Сәтпаев Азия чемпионатында нысана көздеуден алтын жүлде алды

Фото: Оlympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Спортшы 10 метрге пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады.

Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты.

Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері болған.