Түркияда тағы да жер сілкінді

Фото: Pixabay

Түркияда Токат қаласының Сұлусарай ауданында түнгі сағат 1:24-те магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының (AFAD) сайтындағы ақпаратқа сәйкес, эпицентрі Сұлусарай ауданында болған 4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

Соңғы үш күн ішінде Түркиядағы сейсмикалық белсенділігі жоғары Сындыргы аймағында 900-ге жуық жер сілкінісі тіркелді. Балыкесирдегі жер сілкінісі Түркияға сейсмикалық қауіп-қатерді тағы бір еске салды. Ал сарапшылар қалаларды нығайту бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп жатыр.