Фото: vizavshengen.com
Ведомство «Виза бар болса, АҚШ-та қанша уақытқа қала аламын?» деген сұраққа жауап берді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
«АҚШ визасы сізге елге кіру бекетіне барып, кіруге рұқсат сұрауға мүмкіндік береді. Бірақ сіздің АҚШ-та қанша уақыт бола алатыныңыз визаңыздың мерзіміне байланысты емес. Бұл мерзімді елге кірген кезде Кеден және Шекараны бақылау офицері белгілейді. Елде қанша уақыт бола алатыныңызды i94.cbp.dhs.gov онлайн тексере аласыз», – деп мәлімдеді дипломатиялық өкілдік.