Бестеректегі бассыздық: Үржар ауданында еңгезердей еркек бір топ баланы қағып, оның үшеуін өлтірді

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Абай ауданындағы жүргізуші бір топ баланы басып кетті. Алдын ала деректерге сәйкес, 55 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі үй қақпасының жанында, жолдан 10 метр қашықтықта тұрған кәмелетке толмаған балаларды қағып кеткен, деп хабарлайды Qazaq.today.

Полицияның хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмған, тағы біреуі ауруханаға барар жолда қайтыс болған. Үш жасөспірім түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Жүргізуші ұсталып, изоляторға қамауға алынды. Сараптама оның апат кезінде мас болмағанын көрсетті. Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Үржар ауданында болған қайғылы жағдайдан кейін көмекке С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағы аттанды. Оның бортында реаниматолог, нейрохирург және травматологтан құралған медициналық бригада бар.