«Құрсын, кетсін! Көзіне шөп салды. Ажырасшы…»: Мереке Қалбаева жеке өмірінен шаршағанын айтты (ВИДЕО)

Әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, күйеуі екеуінің қарым-қатынасы жайлы ашып айтты, деп жазады Qazaq.today.

Ол абайлап сөйлеу керектігін ескертіп, өмірде көп қателік жібергенін жайып салды. Өзінен кіші жігітке күйеуге шыққан блогер енді үнемі басындағы проблемасын айтып, елді шулатып келеді.

“Осы уақытқа дейін қаншама қыздарға “Ешқашан ажыраспашы” деп айтатынмын. Ішпей ме, шекпей ме, ұрмай ма, бітті ажыраспа. Оны адам қылып алуға болады. Ойынға ставка тікпей ме, игроман емес пе. Болды, ажыраспашы… Біреулер болды көзіне шөп салды… Біреуі нашақор, біреуі ішетін, біреуі ұратын. Оларға ажырасшы дейтінмін. Бірнәрсеге көзім жетті. Ешқашан біреудің өміріне араласуға, біреуге ақыл беруге болмайды екен. Әңгіме қылу — ең үлкен қателік екен ғой. Мысалы, сен біреуге айттың ба? Аузыңнан не шықты, сол нәрсені сен өмірде сен басыңнан өткізбей өлмейсің дейді ғой. Тура мен ойлаймын. Осыдан алдын ғана біреуге айтып жатқанмын. Сіңліме болсын, басқасына болсын. “Құрсыншы, сол кетсін, ажырасшы болды. Өліп қалатын болдың ғой” деген сияқты ше. Ал біреулерге “ажыраспашы, керек емес. Ол шешім емес” деген сияқты. Көзім жетті. Біреуге ажырас деп айттың ба сен бітті ғой. Біреуге не айтып жатсын соны өзіне айтып жатырсың”,- деді блогер.