«Тұз жалаңдар!»: қайырымдылықтың ақшасын қалтасына басты деп айыпталған Ырысбала енді ұшақ алатынын айтты

Фото: nstagram.com/irisbala__ikrambai

Волонтер Перизат Қайрат ұсталғаннан кейін желі қолданушылары халықтан ақша жинап мұқтаждарға үй алып берумен айналысқан Ырысбала Икрамбайды тексеру керегін жазған еді. Көпшілік блогерді елден жиналған ақшаға шалқып өмір сүріп жүр деп топшылаған.

«Мына қаралым санын қараңыздар. Каспи дүкенінде тауар сатқаныма 4 күн ғана болды. «Үздік сатушы» статусын алып беріп отырсыздар», — деді ол инстаграмдағы статистикасын көрсетіп. 

Осыдан кейін халықтың арқасында ұшақ міну жоспарында барын айта кетті.

«Ырысбала халықтың арқасында байып, семіріп алды дейтіндер іштерің күйсе тұз жалаңдар. Машина мінген былай тұрсын халықтың арқасында самолет мінемін», — деп әзілдеді блогер.