Фото: Азаматтық авиация комитеті
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астана маңында биыл жазда болған екі ұшақ апатын тергеу жұмыстарына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
Ол ұшақ апатының әрбір оқиғасы бір жыл ішінде тексерілетінін еске салды.
— Дегенмен, Азаматтық авиация комитеті Авиация әкімшілігімен бірлесіп тексеру жүргізу туралы және тергеу мерзімінде осыған қатысты ұшақ иелерінің қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, — деді Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Еске салсақ, биыл маусым айында Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болған еді.