Өскеменде салмағы 6 келіден асатын алып қыз дүниеге келді

Фото: Денсаулық сақтау басқармасы

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстық Ана мен бала орталығында салмағы 6 келі 45 грамм болатын қыз бала дүниеге келді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Мамандардың айтуынша, мұндай салмақтағы сәбилердің дүниеге келуі өте сирек кездеседі.

 – Жаңа туған нәрестенің салмағы – 6045 грамм. Бұл біздің тәжірибемізде сирек болатын оқиға. Мұндай сәт тек ата-аналар үшін ғана емес, босануды қабылдаған дәрігерлер үшін де ерекше есте қалады, – деп атап өтті Ана мен бала орталығының мамандары.

Босану сәтті өтіп, ана мен сәби дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы жақсы.

– Өте бақыттымын. Денсаулығым жақсы. Бізге ерекше қамқорлық көрсеткен орталық ұжымына алғысым шексіз, – деді қуанышымен бөліскен сәбидің анасы.