Түркістан облысында әскери қызметші Нұржігіт Үйсінбаевты жерлеуге дайындық жүріп жатыр. Оның денесін құтқарушылар 9 тамыз күні Алматы облысында із-түзсіз жоғалған әскери тікұшақтың сынықтарын іздеу кезінде тапқан.
Кеше марқұмның денесі Ленгер қаласына жеткізіліп, туғандарына табысталды. Қазір қаза болған ұшқышпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.
Еске сала кетейік, EC-145 әскери тікұшағының сынықтары мен борттағы бір адамның мәйіті шамамен 14 метр тереңдіктен табылды. Тікұшақ 25 шілдеде Жамбыл облысында радардан жоғалып кеткен еді. Іздеу аймағы спутниктік деректер арқылы нақтыланып, сол жерге арнайы топтар мен техника жіберілген. Келесі күні Сорбулак көлінің бетінде мұнай дағы мен әуе көлігінің бөлшектері анықталды.