Ризабек Айтмұхан ірі халықаралық турнирге қатысады

Фото: ҰОК

9 тамызда Ақтөбеде Wrestling Stars League 4 атты ірі халықаралық күрес турнирі өтеді, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Massaget.k-ке сілтеме жасап. 

Оған Қазақстан құрамасынан бірнеше балуан қатысады. 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан белдеседі.

Оның қарсыластары — ресейлік Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.

79 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ергешке ресейлік Магомед Магомаев қарсылас болады.

65 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қырғызстандық Нурсадык Нурдиновпен белдеседі.

Сондай-ақ, кардта өзге де жекпе-жектер бар.