«Жұлдыздың әдемі нұсқасы»: Қайрат Нұртастың қызы көпті өзіне қаратты

Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау жаңа образы арқылы көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Ол күнделікті стилінен өзгеше киім киіп, ерекше бейнеде түскен суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Фотосуреттердің сипаттамасына Алау: «Мен үшін жылашы, жаным» деп жазған.

Жаңа образы желі қолданушылары тарапынан жоғары бағаланды.

«Алауды көрсем есімнен танамын», «Сұлусың!», «Сіз сондай мықтысыз», «Киіміңізді қайдан алдыңыз?», «Жұлдыздың ең әдемі нұсқасы», — деген жылы лебіздер жазылған.