«Үш айда оқып бітірдім»: Баян Алагөзова қазақ тілін жақсы білетінін айтты

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында таза қазақ тілінде сөйлеп, оқырмандарын таң қалдырды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сондай-ақ, ол ана тілді қалай үйренгенімен бөлісті.

«Мен 3 жыл бұрын бұрын қазақ тілін үйрену үшін 3 айлық курсқа жазылдым. Сол 3 ай ішінде Абай жолы романын оқып бітірдім. Содан кейін қазақ тілі ең бай тіл деген байламға келдім», — деді ол.

Ұстазы 3 айлық курстан соң продюсерді  өзінің жетістіктерін айтып қуантқан. Айтуынша, Баян қазақша жақсы сөйлей алады. Алайда, біраз практиканы қажет етеді.

«Баян, мен неге ақша алып жатырмын. Сіз өте жақсы түсінесіз, өте жақсы сөйлейсіз. Менің кеңесім тек сөйлей беріңіз деген», — деді ол.