Жабайы аңды атпақ болған: америкалық олигархты буйвол сүзіп өлтірді

АҚШ-тағы атақты байлардың бірі Эшер Уоткинсті буйвол сүізіп өлтірді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі New York Postқа сілтеме жасап.

Олигархтың өлімі жайлы оқиға Оңтүстік Африканың Лимпопо провинциясында болды. Аңға шығуға құмар 52 жастағы миллионерді салмағы 1,3 тоннаға жуық буйвол түйреп тастаған. Америкалық турист жабайы жануарды атуға оқталған, ал буйвол күтпеген жерден жоғары жылдамдықпен миллионерге тап берген. Бір мүйіз соққысы Эшерді бірден өлтірген.

Техас миллионері аң аулауды өмірінің маңызды бөлігі деп санады. Оның әлеуметтік желілердегі профильдері олжалардың суреттерімен толтырылған: пумалар, бөкендер және жабайы құстар.

Сафари ұйымдастырған Компания Уоткинстің туыстары мен жақындарын қолдау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын айтты.

Фото: Asher Watkins/Facebook