2025 жылғы 1-11 тамыз аралығында Моңғолияның Өлгей қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтуде. Аталған жарысқа Моңғолия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Қытай мемлекеттерінен келген 13, 15 және 17 жасқа дейінгі спортшылар қатысып жатыр.
Халықаралық турнирді Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесіп ұйымдастыруда.
Қазақстаннан аттанған жасөспірімдер құрамасының бұл іссапарына ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және Спортты қолдау қоры демеушілік көрсетіп отыр.