Фото: shutterstock.com
Отбасы банкі бұрынғы қызметкерінің мекемеде заңсыз ақша жинайтыны туралы шағымына түсініктеме берді. Банктің орталық кеңсесінің бұрынғы жоба менеджері Максим Елешов ақаша беруден бас тартқан қызметкерлердің “қара тізімге” ілініп, жұмыстан қуылғанын айтқан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Отбасы банкінің мәліметінше, лауазымды тұлғаға сыйлық беруге тыйым салынғанына қарамастан қызметкерлер өз еріктерімен қаражат жинаған.
«2023 жылы Отбасы банкі басқарма төрайымының орынбасарларының бірінің демалысы кезінде өзі жетекшілік ететін департаменттердің қызметкерлері оны туған күнімен құттықтауға шешім қабылдап, басшылықтың сыйлық беруге алдын ала тыйым салғанына қарамастан, департамент қызметкерлері өз басшысына құрмет пен көңіл бөлгісі келіп, өз еріктерімен қаражат жинап, шапан сатып алды.
Мұндай сыйлықты таңдауы сәрсенбіде банк филиалдарындағы барлық келушілерді камзолдар немесе шапандардағы қызметкерлер қарсы алатындығына байланысты. Бұл жай ғана сыртқы көріністің элементі емес, ұлттық дәстүрлерді, қонақжайлылықты және тұтынушыларға деген шынайы көзқарасты құрметтейтін корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі. Сондықтан шапан сыйлық ретінде таңдалды.
Сыйлық Банктің басқарма төрайымының орынбасарына оның жұмысқа шыққан кезінде берілді. Алайда ол оны қайтарып, жиналған ақшаны қызметкерлерге қайтаруды талап етті»,-делінен түсініктемеде.
Мекеменің хабарлауынша, дәл осы фактіні М. Илешев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық ретінде келтірген.
«Бұл туралы ол Банк басшылығына хабарлады. Бұған жауап ретінде Отбасы банкінде ішкі тексеру басталды. Оның нәтижелері егжей-тегжейлі сипатталып, банктің бастамасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға қарау және құқықтық қорытынды жасау үшін жіберілді. Жауап ретінде сипатталған жағдайда қылмыс құрамы анықталмағаны туралы хат алынды. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту үшін банкте басшылықтың қызметкерлермен кездесуі өткізілді. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманың және Банктің ішкі құжаттарының талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік және қолданылатын шаралар туралы түсіндірмелер берілді»,- дейді банктен.
Алайда 2024 жылы Отбасы банкінің қызметкері ретінде М. Илешев Алматы қаласының аудандық сотына талап арыз берген екен.
«Ол жалақы бойынша кемсітушілікті жоюды, ол үшін моральдық зиянды өндіріп алуды, жұмыс компьютерінде тыйым салынған бағдарламаны рұқсатсыз пайдаланғаны үшін салынған тәртіптік жазаны алып тастауды сұрады. Аудандық сотта бұл талап қанағаттандырылмады. Әрі қарай ол қалалық сотқа шағым түсірді. Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы аудандық соттың шешімін өзгеріссіз, ал талапкердің апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
2024 жылдың 20 және 26 қыркүйегінде М. Илешев жұмыс орнында болмады. Бұл ретте өзінің жоқтығын белгіленген тәртіппен ресімдеген жоқ.
Себепсіз жұмыс орнында болмау — бұл еңбек тәртібін бұзатын және еңбек шартының талаптарын бұзатын өрескел бұзушылық. Сондықтан, ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес банк қызметкер М. Илешевпен еңбек шартын тоқтатты, өйткені ол бір жұмыс күні қатарынан үш және одан да көп сағат бойы жұмыста дәлелсіз себептермен болмаған.
Содан кейін М. Илешев Алматы аудандық сотына қайтадан талап арыз беріп, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тануды, оның күшін жоюды және бұрынғы лауазымын қалпына келтіруді талап етті.
Сот, алдыңғы шешімі бойынша, банктің әрекеттері Еңбек заңнамасының нормаларына негізделгенін, М. Илешевтің еңбек құқықтарын бұзуға жол берілмегенін, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтың заңды екенін анықтады. Сондықтан сот талап арызды қанағаттандырмады.
Алматы қалалық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы да банктің іс-әрекеттерінде талапкердің еңбек құқықтарының бұзылуына әкеп соққан мән-жайларды анықтаған жоқ. Сондықтан аудандық соттың шешімін қалалық сот өзгеріссіз қалдырды, ал апелляциялық шағымды қанағаттандырмады», — делінген хабарламада.
Отбасы банкі мекеменің барлық әрекеттері заңды және қазақстандық заңнамаға сәйкес болды деп мәлімдеді.