Фото: Алматы ПД
Алматыда «Бағанашыл» балалар үйінен кетіп қалған 14 және 16 жастағы 2 қыз аман-есен табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында кәмелетке толмаған қыздар Алматы облысы аумағынан табылған.
«Қазіргі уақытта олар жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді», – делінген департамент хабарламасында.
