Ұлттық қор қатаң қадағаланбақ

Фото: gov.k

Үкімет Ұлттық қор қаржысының қайда, қалай жұмсалып жатқанын бұрынғыдан да мұқият қадағалайтын жаңа тәртіп бекітті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл өзгерістер Жоғары аудиторлық палатаның ұсыныстары негізінде енгізілді. Енді қате бағытталған қаражатты қайтару, пайдаланылмаған сомаларды бюджетке кері өткізу және бұрын берілген несиелер мен облигацияларды қайта қолдануға жол бермеу міндетті ережелерге айналады.

Тиісті өзгерістер 2025 жылғы 2 шілдеде қабылданған үкімет қаулысында және Бюджет кодексіне енгізілген түзетулерде көрсетілген.

Сонымен қатар Қаржы министрлігі де қарап қалмай, бюджет қаражатын орындау, кассалық операциялар, кірісті есепке алу мен бөлуді реттейтін бірқатар жаңа нормативтік құжаттар дайындап шығарды. Енді мемлекет қаржысына келгенде әр тиын санаулы болмақ.