Қарағандыда мотоцикл жүргізушісі полиция көлігімен соқтығып қаза тапты

Фото: видеодан кадр. instagram.com/policeofkaraganda

Қарағанды қаласында полицияның қатысуымен болған жол апаты өліммен аяқталды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, алдын ала мәлімет бойынша, мотоцикл жүргізушісі алдында тұрған арнайы көлік – Kia Sportage-пен соқтығысқан. Апат салдарынан 42 жастағы мотоцикл иесі оқиға орнында көз жұмды.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды.