Фото: Ақорда
2025 жылғы 3 тамызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш арасында ресми келіссөздер өтеді.
- Бұған дейін Ақорда екіжақты кездесу өтетінін хабарлаған болатын.
- Келіссөздер барысында орталықазиялық өңірдегі тұрақтылық, даму және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде.
- Кездесуден кейін қос тарап БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Орталық Азия және Ауғанстан бойынша өңірлік орталығына бірлесіп барады.
Бұл — БҰҰ Бас хатшысының Қазақстанға жасаған кезекті ресми сапары.
