Фото: instagram/kris.p.live
Көлікті 20 жастағы қыз тізгіндеген. Ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.
“Майлин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан Daimler Chrysler автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен ағашқа, кейін көше шамының бағанасына соғылған”, – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Апаттың мән-жайын анықтауға Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.
