Италияның Джемона-дель-Фриули қалашығында ауыр трагедия орын алды, деп хабарлады MADENIPORTAL-ға сілтеме жасаған Qazaq.today.
35 жастағы Алессандро Веньер өзіне ең жақын адамдар — анасы мен жас сүйіктісі тарапынан аяусыз өлтіріліп, денесі бөлшектелген. Daily Mail басылымы таратқан ақпаратта жергілікті ауруханада жұмыс істеген Алессандроның бөлшеленген мәйіті оның үйінің жанындағы қоқыс жәшігінен табылған. Шіріп бара жатқан дененің иісін жасыру үшін қылмыскерлер мәйіттің үш бөлікке бөлінген денесін сөндірілмеген әкпен көміп тастаған.
Бірақ бұл оқиғадағы ең қорқыныштысы — қаскөй әйелдердің одақтасуы. Тергеу мәліметінше, 60 жастағы анасы, медбике Лорна Веньер мен ұлының 30 жастағы колумбиялық сүйіктісі бұл қылмысты бірігіп жасаған. Олар Алессандроны есірткімен улап, ес-түссіз күйге түскен кезінде денесін бөлшектеп тастаған.
Полиция бұл істі, шамасы, екі әйелдің біреуі жүйкесі сыр берген соң хабарласқан қоңыраудан кейін тергеуді бастаған. Ұсталғаннан кейін, анасы прокурорға жан түршігерлік мойындау жасады: «Мен жасадым, және мен өз ісімнің қаншалықты жантүршігерлік екенін білемін». Оның адвокаты әйелдің жасаған әрекетінің қатыгездігінен шошып, толық мойындау бергенін растады.
Бұл екі әйелді осындай сұмдық қылмысқа не итермеледі? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Алессандро, анасы және сүйіктісі — үшеуі бір үйде бірге тұрған. Тіпті, өлтірілген ер адам мен оның сүйіктісінің алты айлық нәрестесі болған.
«Бізде мұндай жағдай ешқашан болған емес. Бұл өте қорқынышты, жүректі жаралайды», — деді қала мэрі.
Қазіргі таңда екі әйел де қамауда, ал сәбиді әлеуметтік қызмет органдары қамқорлығына алған. Бүкіл қала бұл сұмдықты қалайша қарапайым отбасы ішінде орын алды деп түсінуге тырысуда.