Нақшбандия бағытының жаңа элементтері мемлекетке қауіпті – саясаттанушы

Қазақстан діни алауыздық жоқ елдердің қатарында. Десе де, түрлі ағымға сенетін, солардың ұстанымдарын қалап, елді теріс жолға үгіттегісі келетін адамдар жоқ емес. Мәселен, Орта Азия елдерінде нақшбандия тариқатының тармақтары кеңінен тараса, оның Қазақстанға да әсерін жоққа шығара алмаймыз. Осы орайда елдегі діни ахуалды қалыпқа келтіру, реттеу жайында үнемі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соның бірі Нақшбандия бағытын ұстанған адамдармен де түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Нақшбандия тариқаты Қазақстанда кең таралған ба және олардың қызметі заңды ма? деген сұрақ тудады. Мамандардың айтуынша, кез келген ағымды бос, қараусыз жіберуге болмайды.

Нақшбандия атауы жалпы Орталық Азияда кең таралған. Сопылық ілім саналатын бұл тариқатқа қатысты Геосаяси зерттеулер институтының директоры, профессор Асылбек Избаиров пікір білдірді.

«Нақшбандия Қазақстан және Орта Азия үшін дәстүрлі бағыт болып саналады. Бірақ бұл жерде екі мәселе бар егер ол дәстүрлі, классикалық бағыт болатын болса жалпы сопылықта мәселе жоқ. Сопылық деген діндегі аскетизм, дінді түсінудегі бетбұрысы, діндегі өзіндік дәрежеге жетем деген ұмытылысы, мақамы дейді. Бұл үлкен классикалық бағыттағы өзіндік ерекшеліктері. Егер сопылықтың атын жамылатын әртүрлі бағыттағы жаңа нәрселерді кіргізген, алғашқы сопылық ұстанымынан кеткен, сопылықты саясат бағытында пайдалану, қазір Махди деген тақырыпты көтеруінде және басқа сопылық жамылған ағымдар болса бұл басқа мәселе. Классикалық болса еш проблема көріп тұрғаным жоқ», — деді Геосаяси зерттеулер институтының директоры, профессор Асылбек Избаиров.

Бұл тариқаттың кейбір тармақтарының діни сенімдерінде шариғатпен сәйкес келмейтін тұстары да жоқ емес. Бұл ұлтқа қауіп төнідрмей қоймайды.

«Алдында айтқанымдай хурафат деп өздері айтатын нақшбандия бағыттары бар, атын айтпайақ қояйын, Қоқандағы бір сопылық пірден сұрағаным кезде, олардың көптеген хурафаттары, яғни жаңашыл элементтерін кіргізгендері бар деді. Сондықтан нақшбандияның жаңашыл бағыттарын кіргізгені болса, әрине бізге қауіп тудыруы мүмкін. Шариғатпен үйлеспейтін жері сопылықтың атын жамылған ағымдар олар жаңашылды кіргізген, саясатпен араласқан, бағытын таратудағы жаман элементтерді, өтірік зікірлерді кіргізуі, ислам деген атқа жат нәрселердің белгілерін көрген кезде шариғатқа келмейтіндігін көреміз», — деді профессор.

Ислам болсын, басқа діни ағымдар болсын екі бағытнама қалыптасқан. Жастар мен әйелдердің бұл тариқатқа тартылу жолдары қандай, олар қандай уәде немесе идея арқылы тартылады деген мәселе үнемі назарда. Нақшбандия жайлы қоғамда тартыс та жоқ емес. Көптеген адамдар оны сопылық ілінің бір тармағы деп санайды.

«Кезіндегі грек философиясынан алынады, мысалы Платонның «Идея әлемі» деген ілімдерді таратуында. Кейіннен оның элементін христиан дінінде кездестіреміз. Августин Блаженныйдың теориясында Адам пайғамдардың күнәсі, яғни жеме деген алманы же дегені үшін Адам Алланы тану жолында кеміс адам болды және Алланы танып түсіну үшін  Алланы, рақымшылығы керек деген теория болды. Рақымшылыққа жету үшін қүлшылық, ғибадат, көп зікір айту, мистика арқылы тану.  Бұл үлкен тақырып оны қозғау үшін жеке сұхбат беру керекпін. Екінші бағыт Аристотельдің эксперимент, ақыл, логика нәрселері арқылы Фомо Аквинский, Томизм деген ілімдерінің таралуы, яғни құдайдың заңдылықтарын көру арқылы Жаратушыны тани аласың. Сен логикаңмен түсіне аласың деген нәрсені элемент қылып алады, ол кішкене басқашалау. Сопылық ілімде Алланың құдіретін тану, соған бағыттау, сезіну деген элементтермен адам сопылыққа келеді», — дейді институттың директоры.

Бұл тариқаттың ішіндегі кей тармақтардың радикалдық сипаттары болуы мүмкін бе деген сұрақта туады. Маманның сөзінше, бұл көтерген идеяға байланысты. Мысалы кезінде Ауғанстан Кеңес Одағының әскеріне қарсы келгенде ол жерлерде де сопылық ағымдар болды. Радикалдану бірден пайда болмайды. Әрбір адамның өзінің немесе жалпы саясатта әр ағымды пайдалану процесттерінде радикалды, қатты кету мәселелері шығып кетуі мүмкін деп санайды Асылбек Избаиров.

Тарихшылардың сөзінше Нақшбандия тариқаты парсы мәдениетіне негізделген. Бұл бағытты ұст ағандар, қабылдағандар бірте-бірте парсының мәдениетін қабылдайды. Әсіресе, орта ғасырларда түркі халықтарының этникалық жіктелуге түсуі, мемлекеттігінен айырылуы, соның ішінде Қазақ хандығының күйреп, мемлекеттігінен айырылуына осы нақшбандия тариқатының үлесі аз болмаған.

Фото: жеке мұрағаттан