Қазақстанның үшінші АЭС-ін Қытай салатын болды

Фото: Pixabay

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хаарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  

Оның айтуынша, үшінші АЭС құрылысы екінші АЭС-ті салатын сол қытайлық компанияға тапсырылуы мүмкін.

«Станция маңында тұрақты сумен қамтамасыз ету көзі өте қажет. Электр қуатын тарататын аумақтар да анықталуы керек. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл бұл станциялардың қайда орналасатыны белгілі болады деп ойлаймын», – деп қосты ол.