Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат жүктілігін көрсетіп, елден сүйінші сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
“It’s a BOY! Жүрегіміз лүпілдеп, көптен күткен сәт келді. Құдай бізге бір кішкентай батырды сыйлағалы тұр. Қуанышымызда шек жоқ. Жанымыздың бір бөлшегі – енді кішкентай ханзада. Сені тағатсыздана күтіп жүрміз! Сені көрмесек те жақсы көреміз”, – деп жазды Сымбат.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі қолдап жатса, енді бірі Сымбаттың әлі кішкентай екенін еске салды.
“Медицинада оқиды, енді сабағы не болады”, “Өзі бала әлі, бөпені қайтпек?!”, “Қазіргі жастарда ұят жоқ, іштерін көрсетіп суретке түсе береді”, “Аман-есен қол-аяғын бауырына алсын”, “Балапандарыңды аман-есен бауырларыңызға алыңыздар құтты болсын”, – деп жазды көпшілік.