Қыршын кеткен қазақ қызы: Алматыда студент ҚазҰУ-дың 14-қабатынан құлап өлді

Фото: farabi.university

Алматыда студент қыз ҚазҰУ ректоратының 14-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Алматы қаласының Полиция департаменті оқиғаны растады. Оқу орыны жағдайға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Жаз мезгілінде студенттің университет әкімшілігі орналасқан ғимаратта не істеп жүргені белгісіз.

«Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.