Қонақтар құтқарылды: Алматыда алып мейрамхана өртеніп кетті

Алматы қаласының Наурызбай ауданында орналасқан мейрамхана өртенді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Тілсіз жау Қарағайлы ықшам ауданындағы Бегайыл көшесінде орналасқан мейрамханадан шыққан.

«Оқиға орнына дереу өрт сөндірушілер жетіп, жоғары деңгейде жұмыс атқарды. Өрт сөндіру штабы құрылып, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Бірнеше су оқпандары іске қосылды», — деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрттің жалпы аумағы 625 шаршы метрді құрады. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде қызыл жалын толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Фото: Unsplash (Raquel Raclette)