Фото: видеодан скрин
Желіде маңғыстаулық Салтанат Аманқосова есімді блогер екінші рет тұрмыс құрып, желіні шулатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Қазақтың салт-дәстүрі: екінші рет тұрмыс құратын әйелдің бетін ашпайды. Ақ орамалды анасы үйінен шыққан кезде иығына жауып жібереді. Келін болып түскен үйде анасының жапқан ақ орамалын ауыстырады. Орамал ауыстыру салт-дәстүрі. Орамал ауысқаннан кейін, келін-шәй», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары мұндай салттың барын алғаш рет естіп жатқанын жазды, ал кейбірі екінші рет тұрмысқа шыққан қыздардың беташары болатынын да жеткізді.
Сондай-ақ, блогер сырға салу дәстүрін де түсінідіріп кетті.
«Енем құлағыма бриллиант сырға мен сақинаны арнайылап өзі салды. “Өзіме жақын болсын деп ниеттеніп, өзім сырға салғым келді” деді», деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram