«Хутор» бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың ісі прокуратураға түсті

Фото: Видеодан алныған кадр

“Хутор” қылмыстық ұйымдасқан топтың басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевтың ісі прокуратураға түсті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Алматы облысының полициясы Хасан Қасымбаевқа, сондай-ақ басқа да айыпталушыларға қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін аяқтады. Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігі”Ұрлау”, 106-бабының 2-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” және 194-бабының 2-бөлігі “Бопсалау” бойынша іс жүргізілді.

21 шілдеде іс материалдары айыптау қорытындысымен бірге қадағалау органына жіберілді. Алматы облысының прокуратурасы оларды зерделеп, кейіннен процессуалдық шешімдердің заңдылығын зерделеп жатыр. Мұны облыс прокуроры Берік Адамов мәлім етті.

Хасан Қасымбаев қылмыстық-атқару жүйесінің №72 мекемесінде қамауда отыр.