«Баршаңызға жұғысты болсын!»: Алмас Өтешов қымбат көліктің иесін атанды

Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық танымал ауыр атлет Алмас Өтешов жаңа көлік сатып алғанын қуана хабарлады. Спортшы бұл қуанышты жаңалығын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпараттық агенттігі.

«Toyota-ның Camry 80 моделі. Баршаңызға осындай көлік жұғысты болсын!» – деп жазды ол.

Бейнежазба астында көпшілік құттықтаулар мен ақжарма тілектерін жаудырды.

Желі қолданушыларының бір бөлігі Алмасты құттықтаса, енді бір бөлігі оның өткен ауыр жағдайын еске салды. Кейбір оқырмандар:

«Өткенде ғана жылап, ішкілікке салынып жүр еді. Қалай тез өзгеріп кетті?», – деген пікірлер қалдырды.

Айта кетейік, Алмас Өтешов үлкен спорттан кеткен соң көпшілік назарынан тыс қалған болатын. 2023 жылы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай бұрынғы спортшының ауыр жағдайдағы өмірі туралы ашық сұхбат жариялаған еді.