Килограммы 5000 теңге. Шымкентте сиыр етінің бағасы шарықтады

Фото: otyrar.kz

Шымкентте сиыр етінің бағасы күрт өсіп жатыр. Соңғы бір апта ішінде еттің таза бөлігінің (мякоть) бағасы 4200 теңгеден 5000 теңгеге дейін көтерілді. Бұл – шамамен 20 пайыздық өсім.

Бағаның өсу себептері:

  • Жем-шөп тапшылығы

  • Мал басының азаюы

  • Өндірушілердің шығындарының артуы

Сатушылар клиенттерінен айырылып жатқандарын айтады, ал тұрғындар әдеттегі ас мәзірінен бас тартуға мәжбүр.

«Өндірушілер аз, жем-шөп қымбат, әрі көп мөлшерде экспортталады. Бізде үстеме баға онша үлкен емес, бірақ ет қымбат, өте қымбат», – дейді сатушы Шухрат Муслимов.

Қазақстан көп жылдар бойы ет өндіруші мемлекет ретінде танылғанымен, сатушылардың айтуынша, ет қазір деликатеске айналып барады. Шымкент тұрғындары отбасын қалай асырайтынын білмей дал.


Сарапшылар не дейді?

Аграрлық сарапшы Кирилл Павловтың айтуынша, күзге қарай ет бағасы одан әрі көтерілуі мүмкін. Шымкенттен кейін елдің басқа өңірлерінде де баға шарықтамақ. Бұған себеп – жем-шөп тапшылығы.

«Оңтүстік жем-шөпсіз қалды. Мал бордақыланатын және сойылатын өңірлерде қазір шикізат жоқ. Жем-шөп басқа өңірлерден тасымалданады, ал оның логистикасы өте қымбат – көлемі де үлкен. Мүмкін, оны түйіршіктеп (грануляциялау) сақтау әдістерін ойлау керек», – деді сарапшы.


Мәдени қауіп

Қазақстанда ет тек тағам емес, ұлттық мәдениет пен дәстүрдің бір бөлігі. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, бешбармақтың орнын макарон басуы мүмкін.

Сарапшылар келесі жылы да ауа райы бұдан да ыстық болады деп болжайды. Яғни, жем-шөп тапшылығы қайталануы мүмкін. Сондықтан жем-шөп базасын қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау қажет.